Бүгін Астанада мектеп оқушылары мен 1-2 курс студенттері онлайн оқиды

Ulysmedia

Астанада ауа райына байланысты оқу онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

2024 жылғы 19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – деп мәлімдеді Білім басқармасы.

Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Семей, Петропавлдың мектеп оқушылары мен колледж студенттері де онлайн оқиды. 

Сондай-ақ Қызылорда мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитын болады.