Жүргізушісіне қызмет беріп, ақшасын алып отырған – Іледе білім бөлімінің басшысы ұсталды

Сырым Қаржас

Алматы облысы Іле ауданы білім бөлімінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Фото: Ашық дереккөзден

Антикордың хабарлауынша, Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

– Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға сөз байласып, жалақы аудару арқылы 680 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру ісіне байланысты күдікті. Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалпы сомасы 4.9 млн теңге жалақы төлеген, – деп хабарлайды антикор.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.