Албанияда 400 адам уланып, ауруханаға түсті

Ulysmedia

Круя қаласының тұрғындары жаппай уланып қалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Life.ru-дың мәліметінше, Albanian Daily News порталы 400 адамның уланып қалғаны туралы ақпарат жариялаған. Уланғандардың бәрі ауруханаға жатқызылған.

Жергілікті полицияның болжамы бойынша, жаппай улану ағынды судың ауызсу қоймаларына құйылып кетуінен болуы мүмкін. Ал қалалық су құбыры және кәріз қызметі тұрғындардың жаппай уланған жерінде суда аммиак мөлшерінің жоғарылағаны анықталғанын хабарлады.

«Физика-химиялық талдаудың алдын ала нәтижелері бойынша, сенбі және жексенбі күндері Круяда жауған жаңбыр ауызсудың ластануына әкеліп соқты деп болжануда. Онда аммиактың нормадан жоғары болуы анықталды», - делінген хабарламада.