Қазақстанда бір аптада азық-түлік бағасы қалай өзгерді

Ulysmedia

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі тұрақты болып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Не болды

Үкімет маусымаралық бағаны тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қорларынан көкөністерді брондау жағдайын талқылады.

Бағаны тұрақтандыру үшін вице-премьер көкөністердің нарыққа қажеттілігі мен шығарылу көлемін талдауды және қажет болған жағдайда көкөністер мен оларды қолжетімді бағамен сататын сауда нүктелерінің санын көбейту арқылы бұл жұмысты жандандыруды тапсырды, - делінген хабарламада.

Бағаның өсуі

2024 жылдың басынан бастап әлеуметтік азық-түлік бағасының өсуі 0,4% болды (2023 жылғы 13 ақпандағы жағдай бойынша – 2,4%). Өткен аптаның қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі тұрақты болып қалды (0% өсу).

Вице-премьер Серік Жұманғарин аграршыларды қаржыландыру бойынша жұмысты кемінде 70%-дық шекті қатаң сақтай отырып жалғастыруды, әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасына қатаң бақылау мен ден қоюды қамтамасыз етуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 35%-ға өскені хабарланған болатын.

Азық-түлік бағасы, белгілі бір өмірлік компоненттің тапшылығы, инфляция – бұл мәселелер әрқайсымыздың алдымызда.

Ulysmedia.kz олардың шешіміне жауапты адамнан сұрауды жөн көрді.

Порталымыздың бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында вице-премьер Серік Жұманғарин қазақстандықтар үшін азық-түлік проблемалары екі жылдан кейін, мүмкін үш жылдан кейін шешілетініне уәде берді.

Еске салсақ, таяуды тамақ өнеркәсібіне инвестиция салу бойынша көш бастап тұрған өңірлер белгілі болған еді.