Bolashak Consulting Group-қа әзірге сұрақ жоқ: Әділет министрлігі Бекетаев ісінің артын күтіп отыр

Сырым Қаржас

Әділет министрлігі бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа, шетелдік заңгерлерге және "Bolashak Consulting Group" компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Коллаж: ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz тілшісі ведомствоның баспасөз мәслихатында Бекетаевтың ісі жайлы сұраған.

Әңгіме Bolashak Consulting Group туралы болып отыр. Компания шетелдік заңгерлер Мэттью Харрис Киртланд және Патрисия Нацимиентомен бірлесіп, Статиге қарсы сот процесінде Қазақстанның мүддесін қорғағаны жөнінде ақпарат бар. Әр жылдары Әділет министрлігі бұл іске миллиондаған доллар жұмсаған, 2021 жылы министрлік бюджетінің жартысы заңды сол шайқасқа кеткен.

Біз Қазақстан Bolashak Consulting Group-қа жұмсалған миллиондаған долларды қайтаруға ниетті ме және қазақстандық салық төлеушілердің ақшасын ұрлауға қатысқаны үшін шетелдік заңгерлерді жауапқа тарта ма деп сұрадық.

Министрлік шетелдік заңгерлерге қарсы сот әлі басталған жоқ деп мәлімдеді.

- Өкінішке қарай, Әділет министрлігінде қылмыстық іс материалдарының толық деректері жоқ. Ол әлі аяқталған жоқ. Мұндай мәселе қылмыстық іс аяқталғаннан кейін қабылданады. Қорытындысы бойынша шешім қабылданады, - деді мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Ерлан Мұсабаев.

Еске салайық, 23 қазанда Антикорда бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын хабарлады. Оған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Агенттіктің мәліметінше, ол мемлекетке аса ірі залал келтірген, көрінеу талап етілмейтін қызметтер көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасасу арқылы аффилиирленген компанияның мүдделерін қолдады.

Марат Бекетаев 2016 жылдан 2022 жылға дейін Әділет министрі қызметін атқарды. Ол қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен кетті.

Бекетаевтың есімі атышулы оқиғалармен есте қалды. Әділет министрлігінің бұрынғы басшысы қашқын Мұхтар Әблязовты қудалау ісін қадағалаған.

Сондай-ақ оның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішпен (Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені) байланысы туралы ақпарат бар - Бекетаев оның жақын достарының бірі екені айтылады.

Бекетаевтың заңсыз активтерді «қайтарумен» айналысуы тиіс консалтингтік компанияларды құруға белсене қатысқанын да білдік. Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Ұлан Байжановтың қызметінен босатылуына осы алаяқтықтарды қадағаламауы себеп болған деген болжам бар.