Қонаевта аға прокурор ұсталды

Сырым Қаржас

Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Қонаевта Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокурорының ұсталғаны жөнінде ақпарат пайда болды. Оның пара алған кезінде ұсталғаны туралы ақпарат бар.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті фактіні растады.

– 12 ақпанда Қонаевта Сонабаевты Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменттерінің бірлескен іс-шаралары және Бас прокуратураның өз қауіпсіздігі аясында ұстау фактісін растаймыз, - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) және 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.