Қазақстанның төрт шекара бекетінде көлік кептелісі болып жатыр

Ulysmedia

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік шекарадағы көлік кептелісі неден пайда болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: kursiv.media

Елдің солтүстік облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда көліктердің қозғалысы уақытша шектелді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды, - делінген комитеттің Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, көлік жолдарының ашылуына байланысты жекелеген бағыттарда көлік кептелісі байқалады. Олар:

Қазақстан-Қырғыз учаскесі ("Қарасу" өткізу пункті);

Қазақстан-Өзбекстан учаскесі ("Тәжен", "Қазығұрт" өткізу пункттері);

Қазақстан-Ресей учаскесінде ("Сырым" өткізу пункті) көлік құралдарының кептелісі байқалады.

Сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.