Қазақстанның ұялы байланыс операторлары біртұтас уақыт белдеуіне көшуге байланысты өз абоненттеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Activ/Kcell абоненттері Қазақстанда 1 наурызға қараған түні сағаттың өзгеруіне байланысты болуы мүмкін техникалық ақаулар туралы SMS-хабарламалар алып жатыр.
Үкіметтің UTC + 5 уақыт белдеуіне көшу туралы қаулысына сәйкес 29 ақпанда 23:00 (UTC +6) мен 1 наурыз 06:00 (UTC +5) аралығында сервистерді ықтимал шектеумен техникалық жұмыстар жүргізіледі. Банктер, мемлекеттік сервистер және басқалар сияқты серіктестер жүргізетін қосымша сервистерге уақыт белдеуін өзгерту жөніндегі техникалық жұмыстар әсер етуі мүмкін екеніне назар аударамыз, - деп хабарлады Activ баспасөз қызметі.