Күлеміз бе, жылаймыз ба: астаналық автобус аялдамасын үйге айналдырды

Ulysmedia

Астананың белгісіз тұрғыны жабық автобус аялдамасын "үйге" айналдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бейнежазбадан скрин

Аялдама Елордадағы "Азат" сауда үйінің жанында орналасқан. Қала тұрғындары аялдамаға қоныстанған әйелді видеоға түсіріп алған.

Кадрларда әйелдің перде іліп, шағын үстел орнатып, аялдаманың ішіне диван кіргізіп, төсек салғанын көруге болады.

Қазнет қолданушылары билік басындағыларды халықтың өмір сүру деңгейі үшін сынға алып, әйелге жанашырлықпен қарады.

"Депутаттардан басқа бүкіл Қазақстан тұрғын үйсіз және несиелермен өмір сүреді", "Шенеуніктерге үлкен сабақ", "Міне, қолжетімді баспана”, деген мәндегі пікрілер жазылған.

Тұрғынның қоғамдық орынға көшуіне не себеп болғаны әлі белгісіз.