Қазақстандықтар наурыз айында ұзақ демалады

Ulysmedia

Қазақстандықтар наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында 14 күн демалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Наурыз айында екі ресми мереке – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы бар.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурызда үш күн демалады. 

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 8-10 наурыз – демалыс, ал 9 наурыз жұмыс күні болып саналады.

Наурыз мейрамында (21-25 наурызда) қазақстандықтар бес күн демалады. 

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз -жұмыс күні, 21-24 наурыз аралығында демалады.

Бұған сенбі-жексенбі күндерін қосыңыз.