Бейнеуде адамдардың астан улануы: полиция қылмыстық іс қозғады

Ulysmedia

Жалпы улану белгісімен 37 адам ауруханаға түскен, деп жазады Ulysmedia.kz

Фото: Ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы ПД тергеу басқармасы бөлімі аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) хабарлады.

– Жәбірленушілерге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұдан басқа, алынған тамақ үлгілерінің нәтижелері бойынша тағайындалған санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің сараптамасы күтілуде. Қалған мәліметтер жария етілмейді, – деді Айболат Мырзашев бүгін қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бейнеудегі «Али-ман» мекемесіне барғаннан кейін 23 адам орталық аудандық ауруханаға жатқызылған еді. 

Олар бұл орынға 23 ақпанда кешке барған. Аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 15 адам жеткізілген, оның ішінде балалар да, ересектер де бар. Уланғандар арасында жүкті әйел де болған. Қалған сегіз адам емді үйінде алып жатыр.