ҚР ҰОК Бас ассамблеясы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша атқару комитеті мен тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҰОК атқару комитетінің жаңа құрамына кімдер енді:
Ұлттық спорт федерацияларының өкілдері:
Тексеру комиссиясының мүшелері:
Еске сала кетейік, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып келді. Бұған дейін ол қызметті бизнесмен Тимур Құлыбаев атқарған.
Геннадий Головкин комитет басшылығына не үшін басшы болуға келіскенін айтып берді.
Головкин туралы аз-кем ақпарат
Қарағандының криминалдық ауданы Майқұдықтан шыққан боксшы Геннадий Головкиннің есімі 2006 жылдан бері кәсіби бокста танымал.
Қазақстандық боксшының кәсіби лигадағы мансабы мақтаулы. Головкин өзінің жекпе-жектерінің көпшілігін мерзімінен бұрын аяқтаған. Қуатты және техникалық панчер және нокаут ретінде танымал. Ол 2008 жылдың 22 қарашасынан 2017 жылдың 18 наурызына дейін 9 жыл қатарынан 23 рет нокаутпен жеңіске жетті. Гиннестің рекордтар кітабына орта салмақ тарихындағы нокауттардың ең жоғары пайызы үшін енді. 2020 жылғы жағдай бойынша 21 рет қорғап, орта салмақтағы чемпиондық титулды қорғаудың жалпы саны бойынша рекордты жаңартты.
Бүгінде Геннадий Головкин барлық белбеуінен айырылған. Әлем чемпионы емес. Алайда әлемнің түкпір-түкпірінде бокспен айналысам деген жастарға үлгі бола білген адам.