Республикалық маңызы бар автожолдарда су тасқыны қаупі бар 469 учаске анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«ҚазАвтоЖол»-дың баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл былтырмен салыстырғанда жауын-шашын әдеттегі нормадан екі есе көп түсті.
Бұл инфрақұрылым үшін аса қауіпті. Көктемгі кезеңге дайындық қызу жүргізіліп жатыр: 535 бірлік су өткізгіш құбырлар, 22,2 мың м3 құм және 7,9 мың қап дайындалды, – деп мәлім етті «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ.