Атыраудың бұрынғы әкімі қылмыстық қудалаудан босатылды

Ulysmedia коллажы

Биыл жазда Атырау басшылығына қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

«Ақ Жайық» басылымына адвокат Нұрлан Жолболовтың хабарлауынша, ҰҚК-нің Атырау облысы бойынша тергеу басқармасы қала әкімінің бұрынғы орынбасары Шәкір Кейкин мен оның орынбасары Мейіржан Мұқасовты тағылған айыптарға қатысы жоқ болғандықтан қылмыстық қудалаудан ресми түрде босатқан. Прокуратура бұл шешімнің заңдылығын растады.

Ал іс бойынша қалған екі фигурант – «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС бас директорының бұрынғы орынбасары Бейбіт Мағзұмов пен Әнуар Күншығаров алаяқтық жасады деген айыппен сот алдында жауап береді.

Күдіктілер әр кезеңде кәріз жүйесіне қызмет көрсетуге маманданған бір компанияны басқарған.

Адвокат бұл істің әкімнің тағы бір орынбасары Тілек Махуовтың ұсталуына қатысты басқа резонансты қылмыстық іске еш қатысы жоқ екенін атап өтті. Махуов 100 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Еске салайық, Кейкиннің қала әкімі қызметінен кеткені туралы ақпарат қыркүйек айында, оның екі орынбасарына қатысты қылмыстық істер аясында тараған болатын. Ол 2023 жылғы 10 шілдеден бастап Атырау қаласын басқарды.