Марат Бекетаевты қамау мерзімі тағы ұзартылды

Ulysmedia

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстауды тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

2024 жылғы 12 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Марат Бекетаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 наурызға дейін ұзарту санкцияланды, - делінген хабарламада.

Былтыр 29 желтоқсанда Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартылған еді.

Одан кейін, Астана соты экс-шенеунікті 2024 жылғы 21 ақпанға дейін қамауда ұстау туралы шешім қабылдады.

Бұрынғы Әділет министрі өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен елден қашпақ болған кезінде ұсталған болатын.