Бишімбаевтың ісі: алдын ала тыңдау қашан өтетіні белгілі болды

Аян Өрібай

Сот Астанада 11 наурызда өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп күдіктелген бұрынғы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күнін белгіледі.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 9 қарашада Салтанат Нүкенова Bau мейрамханасында жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмғаны белгілі болы. Күдікті ретінде күйекі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Оған қылмыстық кодекстің 110бабы 2-бөлігі (азаптау) және 99-бабы, 2-бөлігі (аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша айып тағылып отыр. Оның немере інісі Бақытжан Байжановқа (қылмыс болған "Гастроорталықтың" басшысы) қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасыру) және 434-бабы (қылмыстың болғанын хабарламау) бойынша айып тағылған.