Ақпаратты антикор растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды, – деп ақпарат таратты антикор.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынған.