Киров атындағы зауыт сатылмайтын болды

Ulysmedia

Алматыдағы Киров атындағы машина жасау зауытының акциялары сауда-саттықтан кері қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Яндекс

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі “С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты” АҚ-ның 100% акцияларын сату бойынша бұрын жарияланған конкурстан бас тарту туралы шешім қабылдады. 

Осылайша, сауда-саттық өткізілмейтін болды.Тиісті өкім "Қазақстан инжиниринг "ҰК"АҚ-ға жіберілді.

"Конкурстың күшін жою "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы №9 қабылдаған зауытты іске асыру туралы шешімдерін өзектендіру және нақтылау қажеттілігіне байланысты", — делінген министрліктің хабарламасында.

"Қазақстан Инжиниринг" компаниясы зауыттың әлі сатылмайтынын растады.

"Өз кезегінде компанияның уәкілетті органның 2024 жылғы 1 наурыздағы шешімі негізінде “С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты” АҚ*ның акциялар пакетін сату тоқтатылды, осыған байланысты веб-порталда 2024 жылғы 12 наурызға сағат 10:00-ге жарияланған активті сату бойынша электрондық конкурс тоқтатылды", - деп хабарлады компания.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Қазақстан Инжиниринг" Алматыдағы Киров атындағы машина жасау зауытының барлық 4 744 005 қарапайым акциясын 6,14 млрд теңгеге сауда-саттыққа шығарғаны хабарланған болатын.