Ауғанстанда «Талибан» басшылары арасында кикілжің туды

Ulysmedia

Ауғанстанда билікті басып алған тәліп басшылары арасында кикілжің туды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Оқиға өткен аптада Кабулдағы президент сарайында болған. Ақпарға қарағанда, «Талибан» үкіметінде премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Абдул Гани Барадар мен Босқындар істері жөніндегі министр Халил Рахман Хаккани сөзге келіп қалған. Қос шенеунік тәліптердің билік басына келуінде кім маңызды рөл атқарды деген мәселе төңірегінде бір тоқтамға келе алмаған, дейді 24.kz.

Барадардың пікірінше, бұл – Катарда АҚШ-пен келіссөз жүргізген топтың еңбегі. Хаккани болса, бұл ауған жеріндегі қарулы топтар қимылының арқасы дегенді айтып, өзінің соңғы жылдардағы лаңкестік әрекеттерін меңзеген. Жанжалдан кейін Барадар Кабулдан Қандағарға кетіп қалған. Бірақ тәліптер жанжалды жоққа шығарып отыр.