Алтын дауы шыққан Маралдыда жұмысшы қаза болды

Сырым Қаржас

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылында жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, Маралды ауылында кран сынған. Жүргізуші техниканы буксирге алу үшін бүлдөзір сұраған. Алайда қауіпсіздік техникаларын сақтамай, кран әлгі адамды басып қалған.

YK-news.kz порталы “Мырзатаев” жеке кәсіпкерлігінің краншысы қаза болғанын жазады. Кәсіпорында еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау нормаларының сақталуы бағытында жоспардан тыс тексеру жүргізілмек.