Қазақстандағы Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығының (ЦАРКА) басшысы Олжас Сәтиевтің айтуынша, мемлекет цифрландыру бағытында кезекті қадамын жасауы үшін нақты іс-әрекеттер керек. Алайда бұл бағытта тәуекелдер де жоқ емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Олжас Сатиев басқа мемлекеттердің Қазақстан үшін суперкомпьютерлерді жасап беруі қаншалықты қауіпсіз деген сұраққа жауап берді.
– Кез келген ел өзінің идеологиялық немесе діни материалдарын Қазақстанның суперкомпьютеріне енгізіп қоюы мүмкін бе? - деп сұралды Сәтиевтен.
ЦАРКА басшысының жауабы
– Бірінші мәселе – біз оны қазір өзіміз жасай алмаймыз. Ол – Манхеттен жобасы секілді өте үлкен шаруа. Суперкомпьютерді құру үшін оған суперғалымдар мен супербағдарламашылар да қатысуы керек... Иә, біз ол бағытта жылжи аламыз. Бірақ мен Қазақстанда бұған өте күмәнмен қараймын. Бәлкім, бір күні жетерміз. Мемлекетті трансформациялау және келесі кезеңге өту үшін бізге үлкен деректер қамтылатын цифрландыру қажет. Егер біз қандай да бір вендер компанияны тартсақ, келешекте оған тәуелді боламыз деген мәселе тағы бар. Ия, олар жүйеге кіріп, манипуляция жасай алады деген тәуекелдер жоқ емес. Бірақ мұның бәрі біздің тарапымыздан бақылануы тиіс, - дейді ол.
Олжас Сәтиевтің айтуынша, Қытай, Ресей, Израиль, АҚШ; Оңтүстік Кореяның технологиялары қазірдің өзінде Қазақстанда қолданылып жатқанын айтады. Қазақстандық өнім дейтіндей, бұл бағытта елде жасалғандар өте аз екенін атап өтеді.
Суперкомпьютерлерді Қазақстанға кім жасайды?
Цифрлық даму министрлігі таяуда ақпарат таратып, "Самұрық-Қазына" қоры Presight (БАӘ) компаниясымен бірлесе отырып, жасанды интеллект технологияларына маманданған деректерді өңдеу орталықтарын құру жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлаған еді. Бірінші кезеңде "Ұлттық ақпараттық технологиялар"базасында есептеу техникасын орнату және іске қосу жоспарланған. Екінші кезеңде Қазақстан аумағында есептеу қуаты 1 эксафлоптан асатын * суперкомпьютерді орналастыру үшін орталықты салу көзделген..
Министрлік елдің стратегиялық мақсаттары мен қажеттіліктеріне сәйкес шешім қабылдау мақсатында келіссөздерді жалғасып жатқанын хабарлайды. Осыған байланысты қазіргі уақытта суперкомпьютерді құру туралы түпкілікті шешім қабылданбаған. Қор және БАӘ компаниясы жоба бойынша әлеуетті серіктестер. Министрлікте ДӨО құрылысының негізгі мақсаты 2025 жылы суперкомпьютердің есептеу қуатын пайдалана отырып, нейрондық желілерге негізделген ұлттық тіл моделін енгізгелі отыр.
Тоқаев суперкомпьютерлер жайлы
Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік және коммерциялық сектордағы иесі нақтыланбаған деректерді жинақтай берген жөн деп мәлім еткен еді. Оның айтуынша, жасанды интеллектінің негізгі арқауы – мәліметтер, деректер. Алайда, бұл жерде мәселенің екі жағы бар екенін ескеру қажет, бір жағынан, мәліметтер көпке қолжетімді болуы керек, екінші жағынан, қауіпсіздік, жеке мәліметтерге қол сұқпау, мәліметтердің сапалы болуын қамтамасыз ету мәселесі бар. Сондай-ақ, мемлекет басшысы деректерді басқару жүйесінің бірыңғай архитектурасын енгізген дұрыс екендігін баса айтқан.
«Біз қуаты күшті суперкомпьютер құруға кірістік. Ол ғалымдарға ғана емес, сонымен қатар біздің нарықта жұмыс істейтін түрлі компанияларға да қолжетімді болады. Бұл қадам «ауқымды деректерді» кеңінен қолдануға тың серпін беретініне сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.