Мұрнын сындырған - Мұқасан Шахзадаевтың жұдырық жұмсағаны рас па

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Желіде танымал қазақстандық топ мүшелері арасында болған делінген төбелес туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға сәйкес, «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі, әнші Ғалымжан топтың солисі Мұқасан Шахзадаевты достарымен бірге өзіне қол көтерді деп айыптады. Таратылған деректерге қарағанда, жанжал салдарынан ол қолы мен мұрнын сындырған. Қақтығыстың себебі – рұқсатсыз ән жазу әрекеті болғаны айтылуда. Желі қолданушылары бұл оқиғаны «қазақстандық жұлдыздар соғысы» деп атап үлгерді.

«22 қараша күні Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және тағы бірнеше адамның тарапынан дене жарақатын алғаны туралы арызданды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау, тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданады», – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті. 

Бұл оқиға медиа мен әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Қолданушылар тек төбелесті ғана емес, сонымен қатар музыкалық саладағы авторлық құқық мәселесін де қызу талқылап жатыр.