Министр Байбазаров коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты

Аян Өрібай

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров коммуналдық қызметтерге қанша төлейтінін айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Әуелі Нұрлан Байбазаров ведомство журналистердің коммуналдық қызмет шығындары туралы сұрағына жазбаша жауап беретінін мәлімдеді. Бірақ БАҚ өкілдерінің бұл жауапқа көңілі толмаған. 

– Мен нақты айта алмаймын. Шамамен, 100 мың теңге төлейтінімізді білем, - деп қысқа қайырды министр.

Бұған дейін Астанада жарық пен жылу үшін шоттардағы қаражатты негізсіз есептеу фактілері анықталған болатын.