«Сізді әдемі өлең сияқты тыңдап отырмыз»: Базарбек Нұрбекке шүйлікті

Аян Өрібай

Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті сынға алып, Алматыдағы сейсмологиялық институттың ахуалына назар аударуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

– Шіркін, біздің министрлер сіз сияқты қызыл тіл, суырыпсалма, шешен болса барлық сұрақтарға жауап болар еді. Әдемі өлең сияқты сізді қазір тыңдап отырмыз. Саясат Нұрбекұлы, менің сұрағыма келейін: дүйсенбі күні Алматыда үлкен жер сілкінісі болды. Күні кеше мен Алматыдағы сейсмология институтының ғылыми қызметкерлерімен кездестім. Сіз қазір осы жерде «үкіметтен қолдау көрсетіліп жатыр» деп отырсыз. Іс жүзінде олар бейшараның күнін көріп отыр. Ешқандай ғылыми жобалары қабылданбады. Бүкіл қаржыландырудан кесіп тастады. Тіпті олар айлығын ала алмайды. Ал сейсмостансалардың өзі темір қаңылтыр. Сейсмоқауіпсіздіктің жағдайы осындай. Қазір институт қазір ТЖМ қарауында. Оны ғылым және жоғары білім министрлігіне қайтаруға қалай қарайсыз?

Бұл сұраққа жауап берген Саясат Нұрбек шын мәнінде бірталай институт салалық министрліктерге берілгенін айтады. 

– Ауыл шаруашылығында да көп мәселе жиналып қалды. Оның ішінде сейсмология институты да қазір ТЖМ қарауында. Өкінішке қарай, ол дұрыс емес. Бірақ оларда толыққанды қаржыландыру да жоқ. Біз де оларға кіріп, ішкі процедураларын қолдай алмаймыз. Сондықтан, қайтарылса біз қарсы болмаймыз. Бірақ биыл нысаналы грант ретінде институтқа 3,5 млрд теңге беріп отырмыз. Берілген іменіңше, дұрыс болады, – дейді министрлер.

Зілзала

2024 жылдың 4 наурызы сағат 11.22-де Алматыда бұрынғыдан да қатты жер сілкінісі болды. Жер сілкінгенін сезіп, дабыл белгісін естіген алматылықтар көшеге шығып, қауіпсіз орын іздей бастаған. ТЖМ табиғи жайтқа “қатты жер сілкінісі” деп баға берді. Жер дүмпуінің магнитудасы 5 балға жетті.

Ал Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін айтты.