Қарағанды облысында мас күйде көлік жүргізген ауыл әкімі жұмыстан шығарылды

Ulysmedia

Оның бұған дейін де 15 тәуліктік әкімшілік жазаны өтегені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Қарағанды облысында Ғабиден Мұстафин атындағы ауыл әкімі қызметінен босатылғаны белгілі болды. Ол мас күйінде көлік жүргізіп, темір тордың 15 күнге қамалған.

Кейінірек Этика кеңесі шенеунікті қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында аудан әкімінің орынбасары мас күйінде көлік жүргізгені үшін жұмыстан шығарылуы мүмкін екені хабарланған болатын.