Танзанияның Занзибар аймағындағы Пемба аралында теңіз тасбақасының етін жеген 8 бала қайтыс болып, 78 ересек адам уланып қалды, деп жазады Ulysmedia.kz Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының қызметкері Хаджи Бакари Хаджидің мәлімдеуінше, медициналық зертхананың қорытындысы бойынша уланғандардың сейсенбі күні тасбақа етін жегені белгілі болды.
Еске сала кетсек, осыдан бір жыл бұрын, яғни, 2023 жылдың наурыз айында Танзанияның Мафия аралында теңіз тасбақасының етін жеген 7 адам көз жұмып, тағы 8-і уланған еді.