Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады

Оралхан Қожанов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

«Сапар аясында Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады», — деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Естеріңізге салсақ, 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 417,4 миллион долларға жетті.