Экс-министр өзіне тағылған айыппен келіспейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Айыптаудың мәні маған түсінікті. Оны мойындамаймын, – деген ол алқа билер мен журналистердің қатысуымен ашық сот өткізуді сұрады.
Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.
Ал оның адвокаттары істі қайтадан сотқа дейінгі тергеу деңгейіне қайтаруды талап етеді.