Түркістан облысында үш жасар баланың батасы жұртты сүйсінтті

Сырым Қаржас

Түркістан облысы Шәуілдір ауылында өткен көкпарда 3 жасар бала көптің көзіне түсті. Бүлдіршін жиналған көпшілікке бата береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Отырар басылымына сілтеме жасап.

Фото: Скриншот


Бұл сәттің видеосын ұлттық ойынға арнайы келген көрермендердің бірі ТікТок желісінде жариялаған. Онда балақай көпшіліктен қолдарын жаюды сұрап, бата беретінін айтады.

«…Көре алмаған дұшпаның,

Мұратына жетпесін.

Аман да болсын мал басың!

Еш жамандық болмасын.

Үбірленіп үйіңде балаларың көп болсын!»,-дейді бүлдіршін.

Бата беру соңында балақай жұрттың басын қосып, көкпар беріп отырған Өскенбай есімді ер адамның үйінде маңдайы торсықтай егіз ұлдар дүниеге келуін тілейді. Желі қолданушылары үлкендерше бата берген 3 жасар балаға тәнті болып, тілегін жазып жатыр.