Париж Олимпиадасы: тағы бір жолдама қалтада

Ulysmedia

Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров (58 кг) Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды, деп жазады Ulysmedia.kz.

ҰОК

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жартылай финалда отандасымыз Филиппин өкілі Курт Бриан Барбосаны жеңді. Ұлттық құрама спортшысы екі раундта да айқын басымдылыққа ие болды. Есеп: 2-0.

Абабакиров осыған дейін Нұрхан Самидиновты (Қырғызстан), сосын Танакрит Йодракты (Таиланд) ұтқан болатын.

Бұл таеквондодан Ұлттық құраманың Париждегі ойындарға алған екіншісі жолдамасы. Кеше Батырхан Төлеуғали (-80 кг) алғаш болып лицензияға қол жеткізген еді.

Қытайдағы жарыста Париж Олимпиадасының жолдамасына әр салмақта финалға шыққан екі спортшы ие болады. Барлығы турнирде 33 мемлекеттен келген таңдаулы 96 таеквондошы күш сынасып жатыр.