Мәсімов бостандықта ма: министр «ҰҚК экс-басшысы қайда отыр» деген сұраққа жауап берді

Аян Өрібай

Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов «ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов қайда жазасын өтеп жатыр?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер Кәрім Мәсімовтің қайда екені туралы сұрақ қойды. Журналистердің айтуынша, оның бостандықта жүргені жөнінде ақпарат пайда бола бастаған.

– Біз қазір тұтқынды көрсете алмаймыз. Ол (Мәсімов) сотталған, бас бостандығынан айыру орындарында, - деді министр.

Былтыр сәуірде ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді.