Қазақ-өзбек шекарасындағы ұзын-сонар кезек: ҰҚК Шекара қызметі түсініктеме берді

Сырым Қаржас

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттеріндегі жағдай жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы өткізу пункттерінің алдында Қазақстан Республикасынан шығуға адамдардың, көлік құралдарының жиналуы байқалатынын хабарлайды.

- Бұл «Наурыз мейрамын» мерекелеу кезеңінде елімізден басым бөлігі шетелдік азаматтардың шығуына, сондай-ақ «Қапланбек», «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінің қайта жаңартылуына байланысты – деп түсіндіреді комитет.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады, өткізу пункттеріндегі жағдайды бақылау бойынша шаралар қабылданған.