Солтүстік Қазақстанда жасөспірімдер қарт адамды өрттен құтқарды

Айнель Аянова

Бір күн бұрын Аққайың ауданы Шағалалы ауылында 2 қабатты көппәтерлі үйдің пәтерде өрт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz өңірдегі ТЖД-ға сілтеме жасай отырып.

СҚО ТЖД

Ең жақын өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері келгенге дейін (қашықтық – 55 шақырым) Чаглин орта мектебінің оқушылары – 2008 жылы туған Константин Антропов пен 2009 жылы туған Станислав Петерс 1956 жылы туған үй иесін өрттен құтқарған.

Ер адам ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға денесінің 20 пайызын күйік шалған әрі ыстан уланған ер адам жеткізілді. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланады.

Өрттің себебі – пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу екені анықталды.