Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Майамидегі турнирде жеңіске жетті

Сырым Қаржас

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (58 АТР) Майамидегі (АҚШ) "мастерлер" сериясы турнирінің екінші раундына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасай отырып.

KTF

Бірінші айналым матчында Александр Шевченко әлемдік рейтингте 84-ші орында тұрған колумбиялық Даниэль Элай Галанды 6:7, 7:6, 7:5 есебімен жеңді.

Екінші раундта Александр Шевченко әлемнің сегізінші ракеткасы поляк Губерт Хуркачпен кездеседі..

Бұған дейін қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева да Майамидегі турнирдің үшінші айналымына жолдама алған болатын.