АҚШ билігі Ресей Қазақстаннан шығатын КҚК мұнай құбырын жауып тастауы мүмкін деп қауіптенеді

Ulysmedia

Вашингтон Украинадан Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауды тоқтатуды сұрайды. АҚШ билігі бұл жағдай халықаралық нарықта мұнай бағасын қымбаттатып, Ресейге тиімді болады деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Financial Times-ке сілтеме жасап. 

TASS

Биыл мұнай бағасы шамамен 15%, барреліне 85 долларға дейін өсті. Бұл жанармай құнының өсуіне әкелді.

Вашингтон сонымен қатар Мәскеу Батыс елдері сүйенетін энергетикалық инфрақұрылымға кері соққы бере алады деп алаңдайды.

Атап айтқанда, Қазақстаннан Ресей арқылы мұнай әлемдік нарыққа түсетін Каспий мұнай құбыры туралы сөз болуы мүмкін. Батыс компаниялары, соның ішінде ExxonMobil және Chevron осы құбырды пайдаланады. Құбырды Мәскеу 2022 жылы қысқа уақытқа жауып тастаған болатын.

КҚК-да мұнай тасымалының тоқтауы

2022 жылдың 22 наурызында КҚК “даувл салдарынан" Новороссийск маңындағы теңіз терминалында (МТ) шығатын айлақ құрылғыларының жабдықтарына зақым келгенін мәлімдеген. Екі айға дейін Қазақстанның мұнайы да Еуропа елдеріне тасымалданбай қалды.

Вашингтонда орналасқан ClearView Energy Partners зерттеу тобының талдаушысы Кевин Бук Chevron және Exxon компанияларын қамтитын консорциумның Батыстағы мүшелерінің ешқайсысы сол оқиғаның рас-өтірігін тексеруге мүмкіндік алмағанын атап өтті.

2022 жылдың 5 шілдесінде сот КҚК қызметін 30 тәулікке тоқтата тұру бөлігінде Ространснадзордың талабын қанағаттандырды. Осыдан кейін 7 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстаннан мұнай жеткізу бағыттарын әртараптандыру қажеттігін мәлімдеді.

Бұған дейін КҚК бас директоры Николай Горбан мұнай тасымалын үнемі тоқтату "саясатпен байланысты емес" деп мәлімдеген еді.

Ресей мен Украина соғысы

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей армиясы Владимир Путиннің жарлығымен Украинаға басып кірді.

Күн сайын Украинаның қалаларына оқ атылып, бейбіт адамдар қаза тауып жатыр.