Мәскеудегі теракт Францияға қалай әсер етті

Оралхан Қожанов

Француз үкіметі Мәскеудегі жұма күні болған терактіден кейін елге төніп тұрған ықтимал қауіптерге байланысты елдің ұлттық террорлық дабыл жүйесінің ең жоғары деңгейін іске қосу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Reuters

Франция президенті Эммануэль Макрон Мәскеудегі терактіден кейін жексенбі күні кешке Елисей сарайында қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазды елдің премьер-министрі Габриэль Атталь Х әлеуметтік желісінде.

«ДАИШ тарапынан болуы мүмкін шабуыл мен елімізге төніп тұрған қауіпті ескере отырып, біз Вигипират деңгейін ең жоғары деңгейге дейін көтеру туралы шешім қабылдадық, өйткені шабуыл қаупі өте жоғары», - деп жазды Г. Атталь.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды. Соңғы мәліметтер бойынша теракт кезінде 137 адам көз жұмған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.