Ресейлік "Лукойл" Атырау мұнай өңдеу зауытын сатып алуға ниетті

Ulysmedia

Ресейлік "Лукойл" мұнай компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытын сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Ulysmedia.kz дереккөздеріне сәйкес, егер АМӨЗ сатып алуға "Лукойл" компаниясы қызығушылық танытса, Павлодар мұнай-химия зауытын сатып алу туралы "Газпром" басшылығы ойланып отыр.

"Argus Каспий нарығы" басылымы салалық дереккөздерге сілтеме жасай отырып, мемлекет алдағы екі жылда Атырау және Павлодар МӨЗ-ін жекешелендіруді жоспарлап отырғанын жазады.

"2025 жылы бірыңғай энергетикалық нарық болады. МӨЗ-ді жекешелендіру сәл ертерек. ЖЭО-ны жекешелендіру инвестордың ҚДБ-дан әрдайым ақша ала алатынын, сәйкесінше асықпайтынын көрсетті", - деп топшылайды Ulysmedia.kz. дереккөздері.

 Ulysmedia.kz бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында кім кіммен күресіп жатқаны жөнінде сұраққа жауап іздеген болатын. Ол жерден Ғалымжан Жусанбаевтың кеткеннен кейін үлкен дау туындаған еді.

Бұдан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Ғалымжан Жусанбаев "мені қызметтен заңсыз босатты" деп, дау-дамайдағы өз нұсқасын жария ету үшін Астанада журналистердің басын қосып, баспасөз мәслихатын өткізді. Ол мұнай өңдеу зауытының бас директоры ретінде бір айдан астам уақыт қана жұмыс істеген.