Су тасып Қарағанды-Аягөз жолына жайылып кетті

Сырым Қаржас

Қазавтожол компаниясы Қарағанды облысындағы су тасқыны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазавтожол

– 2024 жылғы 25 наурызда сағат 17:50 шамасында ауа райының тез жылынуы мен қардың еру салдарынан «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» автожолының 23+800 шақырымында су тасқыны орын алды (жақын елді-мекен Көкпекті ауылы, Бұхар Жырау ауданы, Қарағанды облысы). Жол ІІІ санатқа жатады, су тасқынның ұзындығы 30 метрді, биіктігі 5 см құрады. Аталған учаскеде диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орналасқан. «ҚАЖсервис» ЖШС ҚӨФ ДЭУ-46 мамандары уақытша жол белгілері мен сигналдық тіректерді орнату бойынша жұмыстарды атқарды, – делінген хабарламада.

Аталмыш шараға 2 бірлік техника мен жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылған. Жолдарды су басу қаупі бар жоғары аумақтарда тәулік бойы бақылау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жолды шайып кету қаупі мен қозғалыс шектеулері жоқ.