Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Ulysmedia

Қазақстандық теннисші 4-айналымда әлемнің 18-ракеткасы, 2017 жылғы АҚШ чемпионатының финалисі, америкалық Мэдисон Кизбен бақ сынасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: sports.kz

Бұған дейін қос спортшы үш рет кездессе, соның екеуінде америкалық спортшы жеңіске жеткен болатын.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 4:3 болған кезде Рыбакина брейк жасай алды – 5:3. Сосын сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.

Екінші сетте Елена брейкпен алға шықты – 3:1. Киз да қалыспады – 3:3. Есеп 5:5 болған сәтте қазақстандық теннисші тағы бір брейкке қол жеткізді.

Сосын матчты эйспен түйіндеді – 7:5.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен кездеседі.