1 қараша күні докторантураға түсу үшін екінші емтиханға құжаттарды қабылдана бастады. Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов магистратура мен докторантураға оқуға түсу бойынша өзгерістер енгізілгені туралы жазған болатын. Енді құжаттарды қабылдау жылына екі рет жүргізіледі. Конкурсқа жазда грантқа түсе алмаған үміткерлер де, бұрын-соңды түсу емтиханын тапсыра алмағандар да қатыса алады.
Биыл докторантураға түсу ережелеріне өзгерістер енгізілген болатын. Енді докторантураға қабылдау «1 оқуға түсуші – 1 компьютер – 1 камера» қағидаты бойынша өңірлік тестілеу орталықтарында электронды форматта өтетін түсу емтиханының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Шара емтихан тапсыру кезінде ашықтықты және транспаренттілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Қабылдау емтиханы эссе жазу, докторантурада оқуға дайындық тестілеуі және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихандардан тұрады. Екінші түсу емтиханына қатысуға тіркелу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz (http://app.testcenter.kz/) сайтында жүргізіледі.
Қабылдау емтиханы 2021 жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін өтеді. Айта кетейік, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін өту балы 75 балды құрайды. Докторантураға оқуға қабылдау 2021 жылғы 26 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді.
Докторантураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі: