Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбай қызметінен кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялады.
«Мен Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы өкілеттігін тоқтаттым! Қала әкімі Алтай Көлгіновке маған артқан сенімі мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мүмкіндігі үшін үлкен алғыс білдіремін. 8 айда көп жұмыс атқарылды», - деп жазды Шәкәрім Сейсенбай фейсбук парағында.
Содан кейін ол өзі қызмет еткен кезде істелген жұмыстарды атап өтті.