Түркиядағы сайлауда 34 саяси партия бақ сынады

Ulysmedia

Бүгін Түркияда сайлау өтті. 34 саяси партия қатысқан сайлауда 61 млн 441 мың 882 сайлаушы дауыс беруге мүмкіндік алды. Шығыстағы 32 провинцияда тұратын азаматтар сағат 16:00-ге дейін дауыс берді. Басқа провинцияларда дауыс беру уақыты — 08.00-17.00 аралағына дейін созылды, деп жазады Ulysmedia.kz.

TRT Haber

61 млн 441 мың 882 сайлаушы тіркелген саяси додада 1 млн 32 мың 610 жас алғаш рет дауыс беруге мүмкіндік алды.

Республика бойынша 206 мың 845 сайлау жәшігі орнатылып, мыңға жуық жылжымалы жәшік жасалған. 

Осы сайлауда 81 провинция, 973 аудан және 390 қаланың әкімі анықталады. 

Сайлаушы тек өз сайлау округінде өтетін сайлауға дауыс бере алады.

Астана мэріне арналған бюллетень «ақ», облыстық кеңес мүшелігіне арналған бюллетень «қызғылт сары», мэр лауазымына арналған бюллетень «көк» және муниципалды кеңес мүшелігіне арналған бюллетень «сары» болады. 

Бүгін таңғы сағат 06:00-ден түнгі 00:00-ге дейін Түркияда алкогольді ішімдік сатуға тыйым салынғанын атап өткен жөн.