Қарағанды облысында атыс болды: зардап шеккен адам бар

Сырым Қаржас

Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр кентінде атыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: Скриншот

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралды. Кадрларда қолында мылтық ұстаған екі адам көрінеді. Атысқа не себеп болғаны әлі белгісіз.

Полиция оқиғаның барлық қатысушылары анықталғанын айтты. Бір адамның аяғына оқ тиген.

– 31 наурызда Ағадыр кентінің медициналық мекемесіне аяғына оқ тиген адам жүгінді. Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалған мәліметтер анықталып жатыр.