Тоқаев Годунованы Жоғары аудиторлық палата төрағасы қызметінен босатты

Ғалиасқар Думан

Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

– Мемлекет басшысының жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылды, – деп хабарлады Ақордадан.

Еске сала кетейік, Есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып 2022 жылдың қарашасында қайта құрылған болатын. Палата басшысы болып сол кезде Есеп комитетін басқарған Годунова тағайындалған.