Тоқаев үкіметке тасқыннан баспанасынан айырылғандарға үй салып беруді тапсырды

Ulysmedia

Президент су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап шыққаннан кейін аудан орталығындағы Қажым Жұмалиев атындағы мектеп-гимназия базасында орналасқан эвакуациялық пунктке барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы гуманитарлық көмекті тарататын пункттің жұмысымен танысып, су тасқынына байланысты жақын маңдағы ауылдардан көшірілген тұрғындармен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен әңгімелесу барысында мұндай көлемдегі тасқынның бұрын-соңды болмағанына назар аударды. Айтуынша, осыған ұқсас жағдай 1994 жылы болған. Бірақ биылғы тасқын одан да асып түсті. Президент шығындарды өтеу үшін мемлекет барлық қажетті шараны қабылдайтынын айтты.

Хал-жағдайларыңызды білу үшін арнайы келіп отырмын. Бұл – бұрын-соңды болмаған үлкен табиғи апат. Сондықтан бәріміз бір ел, бір халық болып әрекет етуіміз керек. Мемлекет, Үкімет баршаңызға қол ұшын береді. Материалдық, қаржылық көмек көрсетеді. Оған еш алаңдамаңыздар. Бәрі дұрыс болады, – деді Президент.

Кездесуде жергілікті тұрғындар Жақсыбай және Қалдығайты өзендеріне көпір салып беруді, сондай-ақ ауыл маңындағы бөгеттерді жаңғыртуды сұрады. Мемлекет басшысы аталған мәселе бойынша Үкіметке тиісті тапсырма беретінін жеткізді. Сонымен қатар қарғын суды халықтың игілігіне пайдалану қажет екенін атап өтті.

Бұған дейін Токаревтің БҚО-ға ұшып келгені хабарланған болатын.

Сондай-ақ Тоқаевтың су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне сапарын оның баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялаған еді.

Бұған дейін Көкшетаудағы Қылшақты өзені қайтадан арнасынан тасыған болатын. 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Еркөстік" балабақшасының 1-қабаты су астында қалды.

25 наурызда Көкшетау қаласындағы № 22 орта мектеп ғимаратын еріген су басып қалды.

Ақтөбедегі Саздинка өзені қарсаңында жағалаудан шықты.

ТЖ режимі Ақтөбеде, Ақтөбе облысының үш ауданында, Көкшетауда, Абад облысының бір ауданында және Қостанай облысының екі ауданында жарияланды .

Бас прокуратура Қазақстандағы су тасқынының салдары туралы мәлімдеме жасады. Ең күрделі жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалады.

Бұған дейін шенеуніктер өздерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарайтыны белгілі болды.