Қазақстанда кісі өлтіру деректері азайды

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінде елімізде кісі өлтіру деректері азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың басынан бері елде қылмыс саны 6 мыңға, яғни 7% азайды.

– Соның ішінде кісі өлтіру, ауыр дене жарақатын келтіру, тонау, қарақшылық, бұзақылық және ұрлық фактілері азайды, –  делінген хабарламада.

Министрліктің дерегінше, қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын құқықбұзушылықтар да азайған.

Еске салайық, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан азаматы ұсталғанын хабарлаған едік. Оған Lenovo Kazakhstan компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директоры Ермек Жакипжановты өлтіруге тапсырыс берді деген айып тағылып отыр. Ер адамға Интерпол іздеу салған.