Су тасқыны: Түркия Қазақстанға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

Ulysmedia

Түркия елімізге кез келген көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Түркия СІМ ресми сайтының жазуынша, су тасқынынан елеулі залал келді.

Біз Қазақстанның бірнеше өңіріндегі жойқын су тасқынына қатты қайғырып отырмыз, бұл жағдайдан біздің ондаған мың бауырымыз эвакуациялануға мәжбүр болды, сондай-ақ елеулі залал келді. Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз. Түркия табиғи апаттан болған кез келген ауыртпалықты көтеруге дайын, - делінген Түркия СІМ мәлімдемесінде.