Су тасқыны: ресейлік рэпер Morgenshtern Қостанайға гуманитарлық көмек жіберді

Ulysmedia

Танымал ресейлік рэпер Morgenshtern (шын аты Әлішер Моргенштерн) әлеуметтік желіде су тасқынына байланысты Қостанайға гуманитарлық көмек жіберетінін жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Павел Кашаев/Global Look Press)

Жазба Telegram каналы мен Instagram желісінде жарияланды.

Қазақстанға, атап айтқанда Қостанайға гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі бара жатыр, - деп жазды ол Telegram-да.

Сондай-ақ оның қоры Ресейдің Орск қаласындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесетіні белгілі болды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.