Бұл туралы сенат кулуарында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Игорь Лепеханың айтуынша, Қазақстанда жалпы 97 ауыл ішімдіктен бас тартқан. Олардың ішінде Қарағанды облысында – 50 ауыл, Түркістан облысы – 7 ауыл, Қостанай облысы – 6 ауыл, Ақтөбе облысы – 5 ауыл, Жамбыл облысы – 5 ауыл, ШҚО – 4 ауыл, Қызылорда облысы – 3 ауыл, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстары – 2 ауыл, Маңғыстау, Жетісу, Павлодар облыстары – 1 ауылдан бар.
– Бұл шағын ауылдар. Ондағы халық енді ішпейміз деп шешім қабылдаған. Бұл олардың бастамасы. Біз осындай бастама көтерілген соң мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде онда құқық бұзушылық бірнеше есе азайғанын байқадық. Ішімдік сатылмайды. Олар бізде «сухой закон» болады деп шешкен. Ішімдікті сатып алмайды және сатпайды, – деді Лепеха.
Вице-министр журналистерге осы ауылдардың біріне барып көруді ұсынды.