Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуір күні Арменияға бір күндік ресми сапармен барып, Премьер-министр Никол Пашинянмен және Президент Ваагн Хачатурянмен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы сапар аяқталғаннан кейін Ереваннан еліміздің қарғын су басқан облыстарының біріне ұшып кетеді.
Естеріңізге салсақ, Армения 2023 жылы ҰҚШҰ-ның бірнеше іс-шарасына, соның ішінде екі оқу-жаттығуға және қарашада Минскіде өткен ұйым саммитіне қатысқан жоқ.
2024 жылдың ақпанында Армения билігі республиканың ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатқанын хабарлады.
Ел премьер-министрі Никол Пашинянның айтуынша, егер мәселелер шешілмесе, Армения билігі мұны де-юре жасайды.